Қоғам

Ер адамдар тұтынуға болмайтын тағам түрі анықталды

Ер адамдар бұл тағам түрін тұтыну арқылы жүрек ауруына тап болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ ғалымдары қызыл етті шамадан тыс тұтыну жүрек ауруына әкелетінін дәлелдейтін зерттеу жүргізді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Express-тің хабарлауынша, егер ер азаматтар бұл өнімді тұтынатын тағамдарының мәзірінен алып тастайтын болса, олардың өмір сүру уақыты едәуір ұзақ болады екен.

Сарапшылар орта жасы 53-ті құрайтын 43 272 ер адамды зерттеуден өткізді. Экспериментті бастаған кезде ер адамдар жүрек-тамыр аурулары және онкологиямен зардап шекпеген болатын.

Мамандар олардың денсаулық жағдайын зерттеді. Нәтижесінде қызыл етті жиі тұтынған ер адамдарда жүрек ауруының пайда болу қаупі жоғарырақ екені дәлелденді.

Осыған байланысты зерттеушілер қызыл етті дәнді дақылдармен алмастыруға кеңес берді.