Әлеумет
Тағы да сол шүкір туралы айтты демеңіз. Себебі бақыт деген ұғымның негізгі кілті де осы сөзге жасырылған. Бақыттың кілті – шүкірде! Барымен базар болып, қанағат ете алатын адам – нағыз бақытты адам
Шүкір – дүниенің, адамгершіліктің мәйегі. Негізі шүкір ету – пенденің үлкен міндеті.
Бірақ осынау аққан судай зымырап жатқан уақытта, ақпараттың толассыз жауған жаһандану заманында көбіміздің бұл қасиеттен мақұрым болғанымыз рас.
Иә, кез келгеніміз кішкене ғана ойланып, толғансақ, барымызды бағаласақ, қоршаған ортамызға, жан-жағымызға үңілсек қана "ааа, шүкір екен ғой" деген ойға келеміз.
Сол бар жақсылықтың, келіп жатқан ырыс-берекенің алғысы "шүкір" деген тіліміздің ұшымен айтылатын үйреншікті сөзбен шектелмейді. Ол шынайы жүрекпен шүкір ету, сол жолда жақсылық жасау, әрекет ету.
Шүкіршілігіміз тоқтамаса, Алланың да берері тоқтамайды. Сондықтан шүкір етіп, қанағат еткен адам – ең бақытты да бай адам емес пе?! Сондағы түйгенім БАҚЫТ деген ұғымның негізгі кілті де осы сөзге жасырылған екен.
Ендеше әрқайсысымыздың тіліміз бен ойымыз барға қанағат етіп, шүкір етуден жалықпаса, сізден артық бай адам табылмасы анық.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін