Қоғам

Денис Тен өлімі: Жанар Толыбаева бостандыққа шықты

Қазақстандық мәнерлеп сырғанушы Денис Теннің ісіне қатысты айыпкер бостандықта жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы бар Жанар Толыбаева бостандыққа шықты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Сотталушы Жанар Толыбаеваның 2020 жылы қаңтарда қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды.

"Алматы облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 6 қаңтардағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылды. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелді", - деп жазылған хабарламада.

Айыпталушы Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Үкім екі жыл бұрын 2019 жылдың 17 қаңтарында шығарылған еді. Сол жылдың наурыз айында ол Алматы колониясында  босанған болатын. Бір аптадан соң апелляциялық сот алқасы оны ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстырған еді.

Естеріңізде болса, 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен еді. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Кейін ол ауруханада көз жұмды.