Қоғам

Әкесі аш қызына консерві банкісін ашуға мәжбүрледі

Америкалық музыкант, «The Long Winters» тобының әншісі және гитарисі Джон Родерик өзгеше тәрбие әдісі үшін кешірім сұрады. Ол қызын консервіленген бұршақтар банкісін ашуға мәжбүр еткенін жасырмайды. Қызына банкіні ашуға 6 сағат қажет болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Родерик твиттерінде өзінің тәжірибесі туралы жазған еді. Содан кейін жанжал туындады. Ол балаға зорлық-зомбылық жасады деп сынға ұшырады. Тіпті оған #BeanDad хэштегін арналды (оны «бұршақты әке» деп аударуға болады).

Нәтижесінде Родерик твиттерін өшіріп, туындаған мәселені мойындауды және түзетуді қалайтынын мәлімдеді.

«Кеше мен ұйқыдан тұра сала «бұршақты әкеге» айналғанымды көрдім. Менің тарапымнан ашу мен ыза білінді. Осының бәрін толық түсіну үшін бірнеше сағат қажет болды. Өз жазбамды қайта оқыдым және мен бәрін қаншалықты дөрекі ұсынғанымды анық түсіндім» деп жазды Родерик өзінің веб-сайтында.

Ол жазбаны жазғанда арты неге әкеліп соғатынын ойламағанын, алды-артына қарамағанын айтты.  Кейбіреулердің бала кезінде басынан кешкендерін абайсызда еске түсіруі мүмкін екенін ескермепті. 

Твиттер қолданушылары екі тарапқа бөлінді. Кейбірі бұл жайтты ата-аналардың нашарлығының көрінісі деп бағалады. Енді бірі балаларға өзгелерден көмек пен қолдау сұрау ұят еместігін айтып пікір таластырды.

Ал банкіге келетін болсақ, қызы оны әрең ашып, аңсаған бұршағын жеді. Қызының бұл әрекетін «тәрбиенің жеңісі» деп қорытындылады сынға ұшыраған әкесі.