Bugin

Daryn.online: Мұғалімге де, оқушыға да қолдану жеңіл

Қазақстандық онлайн білім беру платформасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы білім басқармасының білім берудегі технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының мамандары Bugin Group корпорациясының кеңсесіне келіп, еншілес компаниялармен танысты.

Корпорацияға қарасты Daryn.online онлайн білім беру платформасы, Bugin.kz авторлар платформасы, Bugin Soft, Bugin Entertainment, Ordagen компаниялары сандық өнімдерін таныстырып, болашақ жоспарлары жайлы  айтты.

Daryn.online кеңсесі

Daryn.online – қазақстандық онлайн білім беру платформасы. Мектеп пәндері мен түрлі курстар бойынша видеосабақ әзірлеумен, мұғалімдерді қашықтан білім беруге бейімдеумен, оқушыларды ҰБТ-ға дайындаумен айналысады. 3 миллионнан аса оқушы мен мұғалім тіркелген.   

Bugin.kz – медиа сайт, қазақстандық тәуелсіз авторлар платформасы. Күнделікті жаңалықтар мен аналитикалық материалдарды, тәуелсіз авторлар жіберген мақалаларды жариялаумен айналысады. Қазір 3 мыңнан аса автор тіркелген. Күн сайын 100-ге жуық материал жарияланады.

Ordagen – бүлдіршіндер мен балаларға арналған ертегілерді сандық формаға айналдырумен, дыбыстау, кітап басумен айналысады. Қазір 500-ге жуық ертегі дыбысталып, анимациялық нұсқалары дайындалған.

Bugin Soft – бағдарлама жасаумен шұғылданатын компания. Ұжымдық, медиалық, коммерциялық сайттарды жасайды.

"Жастардың осындай жас компанияларды құрып, жетістікке жеткені, ең бастысы, халыққа қажет дүниелерді жасағаны қуантады. Мәселен, онлайн білім беру платформалары арасында Daryn.online-ның алатын орны ерекше. Өйткені оны қолданған оқушыға да, мұғалімге де жеңіл", - дейді басқармаға қарасты ББТҒӘО басшысының орынбасары Ақылжан Исаев.