Саясат
Орта Азияның екі бірдей мемлекетінде сайлау күтілуде
2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауды «мағынасыз парламент» сайлауы деп атады. Себебі неде? Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Eurasianet Орталық Азияда 2021 жылдың басында бірден екі елде сайлау болатынын айтты. Олар – Қырғызстан және Қазақстан. Алайда екі мемлекетте де аймақтарды демократияландыру тұрғысынан ешқандай шара қолданып жатқан жоқ.
Баспа мағынасыз парламент сайлауында Қазақстан әрқашан да күшті бәсекелес болып табылатынын жазып, ең қызығы екі елде де сайлау бір күнде, яғни 10 қаңтарда өтетінін таңдана хабарлады.
2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бұрынғы досы Қасым-Жомарт Тоқаевқа президенттік орын берген кезде, кейбір жандар өзге саяси реформаларды күткен еді. Бірақ мұндай жоспарлар, егер де олар жасалған болса, жақын арада жүзеге аспауы мүмкін. Оның себебі – әлемдік пандемия.
Ұлттық банктің жариялаған қорытындысына сәйкес, 2020 жылғы есеп бойынша ел экономикасы 2,7 пайызға дейін қысқаруы мүмкін. Бірақ ол ағымдағы жылдың екінші бөлігіне қарай өсімге қайта оралады деп болжам жасалды. Қаржы реттеушісі мұны үкіметтің дағдарысты шешу үшін ойлап табылған "ақша зеңбірегін" қолдануымен байланыстырады. Энергетикалық сарапшылардың пайымдауынша, 2021 жылдың ортасына қарай мұнай бағасы қалпына келуі керек.