Әлем жаңалықтары
Оған Джо Байденнің инаугурациясына дейін Шотландияға келуге тыйым салынды
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа Джо Байденнің инаугурациясына дейін Шотландияға келуге тыйым салынды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен нақты бір себеп болмаса, елге кіріп-шығу заңсыз екенін және Атлантик арқылы келсе, коронавирусқа байланысты шектеулерді бұзатынын мәлімдеген.
БАҚ Дональд Трамптың Эйрширдегі өзінің "Тернберри" гольф-клубына баруды жоспарлағанын жазды. Ол Джо Байденнің ант қабылдауынан бір күн бұрын - 19 қаңтарда Шотландияға ұшуы керек еді.
"Мен Дональд Трамптың келудегі мақсаты не екенін білмеймін. Біз адамдарға Шотландияға қандай да бір мақсат болмаса, келуге рұқсат етпейміз. Бұл басқаларға қалай қатысты болса, оған да қатысты. Гольф ойнауға келу маңызды себеп емес деп есептеймін", - деді премьер-министр Стерджен.