Құқық

Атырауда 7 жасөспірім жоғалып кетті

Атырау қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі мереке күндері әртүрлі себеппен жоғалып кеткен 7 жасөспірімді үйлеріне жеткізген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

   Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің отбасындағы ұрыс пен  жанжалдың әсерінен жиі үйден кетіп қалады екен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

 

Атырау қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі мереке күндері  әртүрлі себеппен жоғалып кеткен 7 жасөспірімді  үйлеріне жеткізген. Мәселен, 4 қаңтар күні сағат 00:30-да жасөспірім анасымен сөзге келіспей үйден шығып кеткен. Полиция қызметкерлері жасөспірімді көршісінің үйінен тапқан. Дәл осы күні сағат 23:00- де 14 жастағы жасөспірім анасымен ренжісіп, көпірге шығып кеткен. Полицейлер тағы да жасөспірімді үйіне жеткізген. ҚР ӘҚК ата-ана мен жасөспірімдерге қатысты 442-бабы бойынша «Кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында немесе өзге мекемелерде заңды өкілдерін іздеу» бойынша хаттама толтырылды деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

     Полиция қызметкерлерінің айтуынша  көп жағдайда жасөспірімдер үйге қайтар жолды білмегендіктен және жанжалдың әсерінен үйден кетіп қалады екен.