Weekend

Қысқы тренд: 2021 жылдың сәнді түстері

2020-2021 жылдың күзгі-қысқы маусымында қандай түсті киімдердің трендке айналарына сөз жүгіртейік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақ

Ақ түс ешқашан сәннен қалмайды. Әркез өзекті реңктің бірі болмақ. Осы маусымда монохромды ақ түстер Chloé, Dior, Hermès, Chanel және басқа да бренд көрсетілімдерінде пайда болды: ақ түсті шалбар, пальто және көйлектер көзді қуантып қана қоймайды, сонымен қатар сәттілік әкелетіні сөзсіз.

Қызыл

Қызыл – көздің жауын алып, нәзік жандыларға көрік сыйлайтын түс. Сол секілді Versace, Rodarte, Proenza Schouler, Givenchy осы жылы ашық қызыл түсті киімдерді жиі киюге кеңес береді.

Жасыл

Жыл басында Миланда өткен Bottega Veneta көрсетілімінде Дэниел Лидің тастармен көмкерілген жасыл түсті көйлегі керемет туындының бірі болып есептелді. Осындай жасыл реңктер Brandon Maxwell, Versace және Haider Ackermann секілді шоуларда пайда болды.

Көк

Pantone ұсынған қанық көк түс жылдың тренді деп айтсақ қателеспейміз. Monse, Balenciaga және Oscar de la Renta коллекцияларында ұсынылған көк түс барлығымыздың көзіміз үйреніп қалған классикалық көкке қарағанда біршама жарқын.

 

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін