Әлем жаңалықтары

2021 жыл БАҚ үшін қандай болмақ?

Nieman Foundation for Journalism at Harvard медиа сарапшылар арасында сауалнама жүргізді. Жаңа жылда БАҚ саласы қай бағытта дамитыны талқыланды. Олардың пікірін сұрады. Ең қызықты болжамды назарларыңызға ұсынамыз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Трафик төмендейді

Пандамия және басқа да өзекті мәселелер трафикті айтарлықтай жоғарлатқаны жасырын емес. Ал осы жылы ірі БАҚ оқырмандарының саны азаяды деп болжам жасалды. Төтенше жайт туындамаса, әрине. 

Салалық медиа дамиды

Өткен жыл ауқымы тар тақырыптарға назар көп түсті. Демек шағын БАҚ үшін сәтті жыл болды. Мамандар бұл үрдіс келесі жылы да жалғасады деп болжайды.

Пошта арқылы тарату маңызды редакторлық құралға айналады

Электронды пошта арқылы жаңалықтарды тарату мен бөлісу БАҚ-тың негізгі көрілім жинау құралына айналмақ. Сарапшылар сәнді дизайннан аулақ болуға, мәтінге көбірек назар аударуға және автоматтандырудан бас тартуға кеңес береді.

Подкаст нарығы үшін күрес жалғасады

Подкаст форматы тоқтар емес. «Apple» және «Spotify» сияқты ірі компаниялар да сол толқында. Кейбір сарапшының пікірінше, ірі технологиялық платформалар подкастингке зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, оларды бостандықтан айыру және өз алгоритміне бағындыру арқылы қатер төндіруі ғажап емес.

Онлайн іс-шаралар көбейеді

Заман ағымына қарай вебинарлар, тікелей трансляциялар саны күрт ұлғайды. Сарапшылар бұл форматтың да жойылмайтынына сенімді. 

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін