Әлем жаңалықтары

АҚШ-та Трамп жақтастары ұйымдастырған шеруде бір әйел оққа ұшты

Қазір жағдай тұрақты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дональд Трамп жақтастары Капитолийге басып кірген кезде бір әйел оққа ұшты. Бұл туралы Bugin.kz порталы NBC News телеарнасына сілтеп хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының айтуы бойынша, әйел Капитолий ғимаратында өлтірілген. 6 қаңтарда наразылық білдірушілер ғимаратқа басып кіріп, Сенат залын қоршап алған еді.

Сенат пен Мәжіліс өкілдері жоспарланған Джо Байденнің жеңісін бекітуді кейінге қалдырды. Трамптың өзі жақтастарын шеруді бейбіт өткізуге шақырды.

Кейін полиция қызметкерлері келіп, Капитолий ғимаратын азат етті, қолдау көрсетті. Наразылық білдіргендер тарады.