Bugin

Атырау облысында сушиден уланғандарға диагноз қойылды

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша Құлсары тұрғындарынан сальмонеллез қоздырғышы анықталды, - деп хабарлайды Bugin.kz платформасы «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

28 желтоқсанда облыстық ауруханаға тамақтан улану белгілерімен 16 адам түскен. Көп ұзамай уланған адамдардың жалпы саны 43-ке жетті. Барлығы «Үш самурай» экспресс-кафесінен  үйіне суши тапсырыс берген. Қазір ауруханада 42 науқас жатыр. Олардың халі орташа деңгейде.

Бүгінгі таңда «Үш самурай» экспресс-кафесінің жұмысы тоқтатылды. Қылмыстық іс қозғау үшін материалдар аудандық полиция бөліміне жіберілді.