Bugin

"Рождество – сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы". Елбасы қазақстандықтарды құттықтады

Рождествомен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам  ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Bugin.kz порталы elbasy.kz-ке сілтеп хабарлайды. 

 

"Православ христиандарын және барлық қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам  ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр"  деп жазды Елбасы.