Саясат

"Төлесең, төрлет" Түнгі көбелектер жайлы бірер сөз

Ғаламтордағы "түнгі көбелектер" туралы бірер сөз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Балғынбек Имашевтың бір сөзі бар:

- Бұрынғының қыздары Төлегенді сүйетін, қазіргілер төлегенді сүйеді» деп. Бірер жыл бұрын Алматыда «Сайын көшесінің бойы жезөкшелерге толып кетті» деп дабыл қағушы едік. Көз үйренді, құлақ ести-ести жұмыр болды. Олар кейін Сейфулин көшесіне қарай ойысып кетті. Жан Ахмадиев оларды сабау керек дегенді меңзеп өз әйелінінің жүзін жасырып қамшының астына да алды. Енді, қазір осы Ахмадиевтің ашуынан жасқанды білем, қыздар веб-камераның алдында шешінуді сәнге айналдырды.

Ғаламтор бетінде самсаған жұмысқа шақырушылардың ішінен «Веб-модельдер іздейміз» деген жарнама сізге де жолыққан шығар. Кейбір пысықтар ол жерге камерамен барып, не жұмыс екенін де біліп қайтты. Өзінің сұлулығын камераның алдында ақшасын төлеген еркекке көрсету керек. Бары сол. Ал, айына 1000 доллар табыс таба алады. Әрине, «алтын көрсе періште жолдан таяды.» Жатақханада ашта-тоқ студенттік өмірдің қызығында жүрген аруларға таптырмас мүмкіндік. Тәнін сатпайды, тек көрсетеді. Сол үшін ақша алады. «Әлгі Шынар да сонда жұмыс істемей ме екен?» деп бір ойланып қалдық. Әлде тегіннен тегін шешініп, жігіттерге жомартық жасағысы келген болар. Кім білсін?! Сағатына бәленбай деп жатқаннан гөрі көп бойжеткен осы жолға кеткенді жөн көреді. Ал, бұл жолға кететіндер махабатта жолы болмағандар екен. Қыздар жігіттерді тастап кете беріп еді, жылаңқы рэперлер көбейіп кетті ғой. Енді, жігіттер бас көтеріп еді, аруларымыз «байлығымен» ақша табуды жөн санауда.

Осындай жеңіл жолмен ақша табу сәнге айналмаса жарады ендігіде. Айжан балағаттап еді, Замира зарлады ғой. Сол секілді осылай ақша табу трендке айналмасын  деп тілейік енді.

Өткенде шешіну мәслелесі көтерілгенде бір "данышпан" айтты:

- «Ұятты жер » деген ұғымды өзгерту керек. Ұятты жерін көрсеті деп толық тырдай жалаңаш болған адамды айтады. Киім әуретін жауып тұрса ол адам киінген болып есептеледі. Яғни жапырақ жапсаң болды, сен киінген боласың.

«Қайнайды қаның, ашиды жаның мінездерін көргенде» деп Абай болашақты да көріп айтқан секілді.

«Жұмыстың ұяты жоқ» дегенді ағымға келтіріп алып, жалаңаштанып жүргендерге заңда жаза да қолданылмайды екен. Себебі, Демократиялық мемлекетпіз. Жеке тұлға не істесе де өзі біледі. Ал, орамал тақса, әдемілеп сақал қойса оған рұқсат жоқ екен. Жаңағы айтқанымыз қайда қалды? Хош. Түсіністік азайып кетті ғой қазірде.

Ал, осы мақаланы оқып отырсаңыз ұзынырақ киініп жүріңіз. Сіз-елдің абыройысыз. Әкеңіздің атына кір келтірмеңіз. Жалаңаш түріңізді балаңыз көріп «ғашық» болып жүрмесін. Анасын зорлаған американдықтар жайлы  талай  жаңалықты естідік қой. Басыңыз бәлеге қалып жүрмесін сіздің  де. «Жеңіл жолда жүргендердің «аяғы» ауыр болады» дейді. Сақтықта қордық жоқ! Алыс болыңыз сондықтан.