Қоғам
Амангелді Қажыбаевтың туған-туыстарына көңіл айтамыз
Семей және Өскемен қалаларының экс-әкімі Амангелді Қажыбаев өмірден өтті, деп жазады Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар хабарлады.
"Өскемен қаласының құрметті азаматы Қажыбаев Амангелді Қажыбайұлының өмірден озуына байланысты отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
Амангелді Қажыбаев – Тарбағатай ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері.
Кезінде Өскемен және Семей қалаларын басқарған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды", - деп жазды Жақсылық Омар instagram-дағы парақшасында.