Әлем жаңалықтары
Дональд Трамп күні кеше Ақ үйді ешкімге бермейтінін айтқан еді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКапитолийде халық толқуы мен тәртіпсіздік, Вашингтонда комендаттық сағат өтіп жатқанда, АҚШ Конгресі Джо Байденнің президент болып сайлануын мақұлдады. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Байденнің 270 дауыс жинағанын Конгресс растады. Дональд Трамп жақтастарының Капитолийге басып кіріп, тәртіпсіздік ұйымдастырғанының салдарынан бір әйел қаза тапты.
Бұған дейін, 4 қаңтарда Трамп президент сайлауының шынайы “нәтижесін” көрсетуге уәде берген болатын.
“Сертификатталған нөмірлердің өзі дұрыс емес болғанда, сайлаудағы цифрларға қалай сенуге болады? 6 қаңтарда бәріңіз шынайы цифрларды көретін боласыздар”, - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасына.
Ал сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, Байден 306, ал Трамп 232 дауыс жинаған. АҚШ Конгресі 6 қаңтарда нәтижені растауы тиіс болған.