COVID-19

Жапонияда төтенше жағдай жарияланды

Жапонияда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапонияның премьер-министрі Есихидэ Суга Токио мен көршілес үш префектурада қайтадан төтенше жағдай режимін жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ол шамамен екі айға созылады. Жапонияда төтенше жағдай коронавирус пандемиясына байланысты жарияланды.

"Ол қаңтардан 7 ақпан аралығында Сайтам, Тиба, Канагава префектураларында және Токиода жарияланды", - деді Есихидэ Суга. 

Жаңа ережеге сәйкес, мейрамханалардың жұмысы 20.00-де тоқтауы үшін 19.00-ден кейін ішімдік сатуға тыйым салынды. Мейрамхана иелері осы ережеге бағынса, жергілікті билік ақшалай көмек көрсетуге уәде берген. Ал компания қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуі керек.