Саясат

АҚШ Қытайдың 8 қосымшасына тыйым салды

Олар елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Қытайдың төлем жүйесіне арналған сегіз қосымшасына қаржы операцияларын жасауға тыйым салды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ол жарлыққа 5 қаңтар күні қол қойған. Жарлыққа сәйкес, Қытайдың Alipay, WeChatPay, QQWallet пен Tencent QQ, Camscanner, SHAREit, Vmate және WPS Office қосымшаларына тыйым салынды. Ақ үй әкімшілігінің пікірінше, Қытай билігі осы бағдарламалардың көмегімен америкалық мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректерін қолға түсіріп, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Жарлық президент қол қойғаннан кейін 45 күннен соң, яғни Дональд Трамп президенттіктен кеткен соң күшіне енеді. Трамп өзінен кейін билікке келетін саяси бәсекелесі Джо Байденді Қытайға көзқарасы тым жұмсақ деп жиі сынап жүр.

Қытай сыртқы істер министрлігі Трамптың жарлығын "АҚШ-тың қорқытып-үркіту, өктемдік танытуының мысалы" деп атап, Пекиннің бұған жауап ретінде тиісті шара қабылдайтынын айтты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61