Саясат

Байденнің президент болуы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Байден Қытаймен дос болмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халықаралық саяси сараптама институтының директоры Евгений Минченко АҚШ президенттігіне Байденнің келуі Орталық Азия елдері үшін қандай әсері мен салдары болмақ, соған болжам жасаған екен.

Саясаткердің айтуынша, АҚШ мемлекетін басқаруға келген Байденнің командасы Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысады.

- Егер Трамп Орталық Азия мен Ресейге көңіл бөлмей, Қытаймен тікелей сауда соғысын жүргізіп, бәсекелес болса, Байден керісінше, Қытаймен дос, бейбіт қарым-қатынас орнатуға тырысады. Сол үшін ол Орталық Азия мемлекеттерін пайдалануы мүмкін. Бұл жерде Байден бастаған Америка билігі мен қытай билігі бірігіп, Ресейге қарсы ойын ұйымдастыруы да мүмкін екенін айта кеткен жөн, - дейді Евгений Минченко.

Евгений Минченко

Саясаткердің ойынша, Байденнің Ресейге қарсы күрес жүргізетінін Виктор Нуландтың АҚШ Мемлекеттік департаментінің саяси директоры қызметіне келгеніне түсінуге болады.

- Нуланд Украинадағы Майданды ұйымдастыруға тікелей әсер еткен тұлға екенін жақсы білеміз. Сондықтан Байден бастаған команданың посткеңестік мемлекеттердің саясатына араласары анық, - деп түсіндірді ол.