Экономика
Пандемияның зардаптарын жоймақ
АҚШ үкіметі Қазақстан мен Өзбекстанды Орталық Азиядағы инвестициялық серіктесі деп танып, $1 млрд көлемінде инвестиция құйды, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы Қазақстандағы АҚШ елшілігі сайтына сілтеме жасап.
- АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясы (ДҚК), Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесі үшін әрекет ететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы және Өзбекстан Республикасы бес жыл ішінде Орталық Азия мен кеңірек аймақтың жеке секторын дамытуға және экономикалық өзара байланысын арттыруға көмектесетін жобаларды қолдау үшін кем дегенде 1 миллиард АҚШ долларын тарту үшін бар күшін салады, - делінген серіктестік жөніндегі құжатта.
Америка инвестициялық жобаны бес жыл жүзеге асырмақ. Жоба аясында Орталық Азиядағы инфрақұрылымдардың сапасы халықаралық деңгейге жеткізіледі. Әрі аймақтағы елдердің дамуы мен өркендеуіне көмек болмақ.
- Әсіресе, COVID-19 пандемиясы кезінде әлсіреп қалған экономиканы қалпына келтіруге маңызы зор болады, - дейді елшілік.