Bugin

Карантинің қайда?

Ойлайтынымыз ішіп-жем ғана, көп айтамын амалсыз ішімнен ғана...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Өткен 2020 жыл несімен есте қалды?" деген сұраққа не деп жауап берер едіңіз? Әрине, "қаралы жыл" болды дер едіңіз. Тышқан жылы шынымен де бәрімізді інге тығып қойды. Мысыққа жем болмас үшін қашып-пысып күн көрдік. Тығылып тірлігімізді де істедік. Үйде отырып үйренбегендер үйленгендер қатарын толтырды. Иә, көп шаңырақта індетке қарамастан қуаныш болған шығар, бірақ көп шаңырақ қайғыдан қан жұтты...

Елім дегендер еңіреп кете барды. Халыққа белгілі тұлғалар аты жаман індеттің кесірінен көз жұмды. Қаншама отбасы тума-туыс, туғандарынан айырылды. Еркіндіктің қадірін ел түсінді. Келіп жеткен жаңа жыл тек жақсылығын көрсетіп, сиырымызды сүтті етіп, көңілімізді күпті етпей, сәл болса да жүрегімізді орнына қойса екен.

Шынымды айтсам, көп нәрсені түсінбеймін. Мүлдем! Карантин, карантин дедік, бірақ қай жерде болды ол карантин? Көше толы адам, автобус ығы-жығы. Базарларың ол ашық. Сауда орталықтарында құжынаған жұрт, супермаркеттердің кассасынан адам шошиды. Осындай жерлерде сақталатын шара неге керек емес жерлерде сақталуда? Құдай-ау, індеттен бөлек жай науқастанып қалған жақындарымызды бір адам болсын халін сұрап бара алмайды, бірақ басқа жерде адам қаптап жүреді.

Рухани демалайық деп театрға барайық десек жабық, бірақ тамақтанатын жерлердің бәрі ашық. Ол жерге барғандай театрға адам көп бармайды негізі. Логика қайда деймін кейде. Кез-келген дүкеннен қаптаған адамды көргенде, "карантинің қайда?" деймін амалсыз ішімнен ғана...