Қоғам

Әженің бетіне торт жапсырған жігіт елдің ызасын келтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әжесінің бетіне торт жапсырған жігіт елдің ызасына тиді. Бұл туралы Bugin.kz авторлар платформасы хабарлайды.

Инстаграм әлеуметтік желісін шулатқан бұл видео көпшіліктің ашуын туғызды. Жас жігіт егде жастағы әженің бетіне торт жапсырып, мәз болады. "Ойын білмеген бала, анасының артын түртіп ойнапты" - дегендей бұл жігіттің іс-әрекеті қызу талқыға түсті. Бірі ол өзінің анасы десе, бірі әжесі, бірі туысы деп пікір қалдырған.

"Кім болса да үлкен жастағы әйелді олай мазақ етуге жас баланың хақысы жоқ еді"- деген жазбалар оқша борады.

Желідегі оқырмандар: "Қатырдым деп отыр ғой. Сана берсін", "Өзін осы жарық дүниеге әкелген адамға деген құрметі ғой. Слишком низко! Өзінің құрдасы болса екен бір! Нанның да, анасының да обалына қалды-ау", "Мәз болып тұрған кісіні не істеді ал?!", "Әжеге обал. Сосын қатты ұрды ғой, масқара-ай!" - деп жазып жатыр.