Weekend
Кітапхана халықтың ең сүйікті, қасиетті, қастерлі үйі
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Кітап біздің сан ғасырлық тарихымыз бен тыныс-тіршілігіміздің құнды жәдігері. Ал кітапхана халықтың ең сүйікті, қасиетті, қастерлі үйі. Заман озып, технология дәуірі қанша қарыштап дамыса да кітап пен кітапхананың орны қашан да ерек. Біз бүгін әлемдегі «ерекше кітапханалар» жайлы сөз етіп көрмекпіз. Ендеше, кеттік!
Футуристік кітапхана
The Library Resort қонақ үй-кітапхана, Тайланд
Самуй аралының Чавенг жағалауында қонақ үй-кітапхана бар. «Library Resort» деп аталатын кітапхана шынымен қонақ үй секілді. Ақиқатында бұл шынымен де қонақ үй, бірақ кітапхана негізінде қаланған. Келушілер тек теңізге түсіп демалмайды, сонымен қатар кітап та оқып ләззат ала алады.
Лиюань, Қытай
«Кітап храмы» деп аталатын Лиюань кітапханасы Қытай елінде орналасқан. Цинхуа Ли Сяодунем университетінің сәулетшілері салған кітапхана ескі үлгіде жасалған. Онда 45 мың ағаш бұтасы бар. Кітапхананың кереметі онда отыратын орындық не үстел жоқ. Кітапты көрген жеріңізде жерге отырып оқи бересіз. Қаладан тыс жерде орналасқан кітапхана қуат көзінің болмауына байланысты 16:30-ға дейін жұмыс істейді.
Бишан, Сингапур
Гайзел, АҚШ
Келесі кітапхана көзіңізге еріксіз жас үйреді. Біз бұл кітапхананы «ерекше кітапханалар» қатарына қосуды жөн санадық.
Үндістандық 9 жасар Muskan Ariha Бхопал қаласынан шағын кітапхана ашты. Айтуынша мектепті аяқтаған соң өзінің жеке кітапханасын ашу ойында бар екен. Жақын маңдағы кедей аудандарда тұратын кемтар балалар кез келген уақытта келіп кітаптарды қарап, тыңдауына болады. Әзірге кітапханада 119 кітап. Әр келген бала кез келген кітапты үйіне оқуға алып кете алады.