Bugin
Бірақ ҚАЖ әлі мәлімдеме жасамады
Макс Боқаев 4 ақпан күні абақтыдан босатылуы мүмкін. Мұны досы Талғат Аян хабарлады.
Оның айтуынша Макс Боқаевтың 4 ақпан күні босап шығатынын абақты басшысы айтқан. Бірақ ҚАЖ әлі мәлімдеме жасамады.
Сондай-ақ Талғат Аянның айтуынша Боқаев босап шыққан жағдайда оған жарты жылдан 2 жылға дейін әкімшілік бақылау орнатылуы мүмкін. Бірақ шешім әлі шықққан жоқ. Іс 19 қаңтар күні Атырау қалалық №2 сотта қаралады.
Алайда Талғат Аян әкімшілік бақылау азаматтық құқықты бұзу, негізі жоқ жаза деп бағалайды.
"Билік сол арқылы азаматтық белсендіні бақылауда ұстағысы келеді. Өйткені әкімшілік бақылауды бұзған жағдайда, адам сотталып кетуі мүмкін", - дейді ол.
Әзірше Атырау облыстық қылмыстық-атқару департаменті еш түсініктеме берген жоқ. Ал Азаттық тілшісі телефон шалғанда, департамент басшысы Манарбек Ғабдуллин Боқаевтың нақты қашан босап шығатынын айта алмаған.
46 жастағы Макс Боқаев 2016 жылы қамауға алынған. Оған жер митингісіне қатысқаны үшін "жалған ақпарат таратты", "әлеуметтік алауыздық туғызды", "митинг жайлы заңды бұзды" деген айып тағылған еді.