Bugin
"Дене бітіміңді сақта, өзіңді күт!"
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Штрих к портрету» деректі фильмінің кезекті бөлімінде қазақстандық еркектерге ақыл айтты, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
“Бұлшықетті қатайтудың физикалық мүмкіндіктері жас талғамайды. Егер денің мен тәніңнің саулығын қаласаң, жалқаулыққа салынбасаң, 80 жас не, 50 жас не, айырмашылығы жоқ. Менің ішкі ағзам соған дәлел. Себебі бұлшықетім де, миым да қалыпты жұмыс жасауы үшін күнделікті жаттығамын. Бәрі адамға тікелей байланысты”, - деді Назарбаев.
Сонымен қатар, ер адамдарға спорт зал мен жүзуге кезектесіп баруға кеңес берді.
“Еркектің ер қалпын сақтап қалу үшін интеллекті мен миы жақсы жұмыс істеуі тиіс. Миын қозғалтып тұрмаса, өзін жоғалта бастайды. Оқу, тіл үйрену, шахмат ойнау – миға жақсы көмектеседі. Екіншісі, әрине, физикалық жағдайы қалыпты болған жөн. Және даналығы қоса жүруі тиіс”, - деп кеңес берді елбасы.
Бұған қоса экс-президент өзінің күнделікті тамақтану ережесімен бөлісті.
“Ұйқыдан оянғанда салат пен ботқа жеймін. Түсте көкөніс сорпасы немесе балық я болмаса ет тұтынамын. Кешке балық немесе тауық жеймін. Осындай тәртіпке бағынамын. Дене бітімім келіскен деп айта алмаймын, дегенмен тырысып жүрмін. Өз қалпымды сақтай алған секілдімін, солай ғой?
Артық салмақтан арылу керек. Калорийді жою керек”, - деп сөзін қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.