Әлем жаңалықтары

Трамп Байденді ұлықтау рәсіміне қатыса ма?

Трамп АҚШ тарихындағы өзінен кейінгі президентті ұлықтау рәсіміне қатыспайтын төртінші президент болмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жақтастарын қолдады, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Жазбасында “америкалық патриоттардың” 75 миллион даусын әлі де естіртетінін хабарлады.

“Маған дауыс берген Американың 75 миллион патриоты “Ең алдымен Америка”, “Америка қайта ұыл етеміз” ұрандарын қолдаған азаматтардың даусы қашан да актуалды. Оларға деген сыйластық азаймайды, көбеймесе...”, - деп жазды Трамп 8 қаңтарда Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар 20 қаңтарда өтетін Джо Байденді ұлықтау рәсіміне де қатыспайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Twitter әлеуметтік желісі Трампты бұғаттап тастаған. Бұл президенттің парақшасын қалпына келтіргеннен кейінгі екінші жазбасы.

Айта кетейік, 6 қаңтарда Капитолийде халық толқуы мен тәртіпсіздік, Вашингтонда комендаттық сағат өтіп жатқанда, АҚШ Конгресі Джо Байденнің президент болып сайлануын мақұлдады.

Байденнің 270 дауыс жинағанын Конгресс растады. Дональд Трамп жақтастарының Капитолийге басып кіріп, тәртіпсіздік ұйымдастырғанының салдарынан бір әйел қаза тапты.

Бұған дейін, 4 қаңтарда Трамп президент сайлауының шынайы “нәтижесін” көрсетуге тырысқан. Алайда Байденнің жеңісін мойындамаса да, билікті өткізуге уәде берді.