Әлем жаңалықтары
Бұған дейін ірі әлеуметтік желілер Трамптың аккаунттарын бұғаттаған еді.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзін АҚ үй басшысымен салыстырды. Оған себеп Трамптың Twitter-дегі парақшасының бұғатталуы, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
“Енді Трамп екеуміздің ұқсастығымыз пайда болды. Ол бұрын мені әлеуметтік желіде бұғаттаған еді. Құдай әділдік орнатты. Нәтижесінде бүлікшіл Дональд Трамптың да парақшасы бұғатталды”, - деп жазды Қадыров Telegram-арнасында.
Қадыровтың айтуынша, егер Трамп адам құқықтары мен демократияға сыйластық танытса, мұндай жағдай болмас еді.
Айта кетейік, бұған дейін ірі әлеуметтік желілер Трамптың аккаунттарын бұғаттаған еді. Twitter мен YouTube президенттің Капитолияда сөйлеген видеосын өшірді. Көп ұзамай Twitter-дегі парақшасы қайта қалпына келтірілді.
6 қаңтарда республикашылдардың жақтастары Капитолий ғимараты мен сенат залын қоршап алған. Сенат пен палата өкілдері сол күні сайлау қорытындысының нақты нәтижесін жариялауы тиіс болған. Алайда бүлік кесірінен отырыс өтпеген еді. Соған қарамастан, Конгресс Байденді президент ретінде растады.
Ал наразылық салдарынан 5 адам қаза тапты, 70 қатысушы ұсталды.