Қоғам
Кинотеатрлар 1 ақпаннан бастап өз жұмысын тоқтатуы мүмкін
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстандық кинотеатрлардың бір бөлігі жалға берілетін фильмдер болмауына байланысты жабылуы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қазақстан Кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина мәлімдеуінше, елімізде жалпы 70-ке жуық кинотеатр жұмыс істейді, олардың 32-сі қауымдастыққа кіреді. Бүгінде оларды жабу мәселесі талқыланып жатыр. Оның себебі Голливуд және отандық кино өздерінің кинопремьераларын кейінге қалдыруы болды.
"Голливудтың көптеген студиясы осы қыс-көктемге жоспарланған фильм премьераларын пандемияға байланысты 2021 жылдың күзіне шегерді. Сондықтан, жақын арада көрсететін ешқандай фильм болмай жатыр. Себебі қазақстандық продюсерлер де өз картиналарының премьераларын кейінге шегеріп тастады", - деп атап өтті ол.