Саясат
Twitter әлеуметтік желісі Дональд Трамптың парақшасын біржола бұғаттады
Twitter әлеуметтік желісі АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың 88 миллионнан астам оқырманы бар парақшасын мәңгілікке бұғаттады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"@realDonaldTrump аккаунтындағы кейінгі твиттер мен солардың айналасындағы контекстіні, әсіресе олардың Twitter-де қалай қабылданғаны мен интерпретацияланғанын мұқият тексергеннен кейін біз бұл аккаунтты зорлық-зомбылыққа арандату қаупі үшін тұрақты негізде бұғаттадық" делінген Twitter компаниясының мәлімдемесінде.
Компания сондай¬-ақ Трамптың кейінгі твиттері мен желі қолданушыларының оған реакциясын сараптау нәтижесін жариялады. Осы сараптамадан кейін Twitter Трамптың твиттері жаңа зорлық-зомбылық әрекеттеріне түрткі болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Бұған дейін де Трамптың аккаунты 12 сағатқа бұғатталған болатын.
Ақ үй мен Дональд Трамптың өзі компанияның бұл шешімі жөнінде пікір білдірмеді. Мұның алдында Трамптың аккаунтын Facebook те бұғаттаған.