Қоғам

Барон "Бораттан" бас тартты

Барон енді ол рөлді сомдамайтындығын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Актер Саша Барон Коэн Қазақстанда дау туғызған Борат образын сомдаудан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.


Variety журналына берген сұхбатында 49 жастағы актер Борат рөлінен ресми түрде бас тартқаны жайлы айтты. Коэнның айтуынша, ол былтыр, яғни 2020 жылы АҚШ билігінен кеткелі жатқан Дональд Трампты сынау үшін қолданыпты. 
«Фильмнің басты мақсаты осы болды. Алайда мен демократияға қауіп төніп тұрғанын сезіп, фильмді аяқтау керегін түсіндім. Енді бұл істі жалғастырудың мәнін көріп тұрғаным жоқ»,- деді Коэн сұхбатында.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sacha Baron Cohen (@sachabaroncohen)


Еске салайық, "Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша қазақстандық танымал журналист Борат Сагдиев тағы да АҚШ-қа барып, президент сайлауы қарсаңында елдің саяси өмірін зерттейді. Коронавирус пандемиясымен күреседі және демократтардың қарсыластарымен сөйлеседі. Amazon Prime Video  стриминг сервисі комедияның бірінші трейлерін YouTube-та жариялады.