Әлем жаңалықтары
Ол 2050 жылы Марсқа миллион халықты көшіруге ниетті
Байлығы 188 миллиард долларға бағаланатын Илон Маск Марста қала қүру үшін бүкіл дүниесін сатпақ. Бұл туралы Business Insider басылымы жазды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Әлемдегі ең бай адам 2050 жылы Марсқа миллион халықты көшіруге ниетті. “Адамзат ғарыштық цивилизацияға ауысу керек деп ойлаймын. Әрине, Марста қала құру үшін көп шығындаласың”, - деді Илон Маск.
Миллиардер Марста қала құруға шынайы кіріскенін ескертті. Осы мақсатта бүкіл дүние-мүлкін сатпақ.
“Компаниямдағы акцияларымнан өзге активтерім болмайды. Қым-қуырт жұмыс кезде зауытта немес кеңседе түней саламын. Алайда отбасыма бір шаңырақ керек. Жылжымайтын мүлік жалдайтын шығармын”, - деп жоспарымен бөлісті SpaceX және Tesla-ның негізін қалаушы.