Денсаулық

Артық салмақтан арылу жолдары

Арықтау - қолға алған адамға оңай іс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арықтаудың жолдары көп-ақ. Бірақ соны өмірде қолдана алу - ең басты міндет. Ендеше артық салмақтан арылғыңыз келген екен, онда іске кірісіңіз. Сізге арықтаудың басты ережелерін ұсынбақпыз. 
Мақсаты айқын адамға ештеңе де кедергі емес. Тіпті үйде отырып-ақ та бұл мәселені шешуге болады.

1. Мықты денсаулық пен әдемі форма сізге не үшін қажет екенін ұғыныңыз. Кей адамдар барлығын жасағанмен, не үшін және кімге екенін ұғынбай, аяғына дейін жеткізбей жатады. Мұндайда, ең алдымен, өз психологияңызбен жұмыс жасаған дұрыс болар.

2. Дұрыс тамақтануға көшіңіз. Иә, иә. Диета емес, дұрыс тамақтану. Ол біз үйреніп алған ет пен сорпа емес, көбірек жеміс-жидек пен көк шөп жеңіз. Оларда біріншіден, витаминдер өте көп, екіншіден, өте жеңіл.

3. Өзіңізді және асқазаныңызды аз тамақтануға үйретіңіз. Барлығын ауызыңызға асай бергеннен нәтиже шығару екіталай. Тіпті қиын болып жатса, калория санап үйреніңіз. Бұл, айтпақшы, ең нәтижелі тәсілдердің бірі болып саналады.

4. Спорт, спорт және де спорт. Қаншалықты дұрыс тамақтансақ та, спортсыз, физикалық жаттығуларсыз болмайды. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде үйде отырып-ақ жасауға болатын, жақсы нәтиже беретін жаттығулар саны-өте көп. Көп жаяу жүріңіз, спортпен жиі айналысуға тырысыңыз.

Ең бастысы, қазір жасаған жаттығу болашақ мықты денсаулықтың кепілі екенін ұмытпаңыз.