Спорт
Қырғыздың аяғын сындырып тастады
Ғаламторда кеңінен тараған бейнежазба да осы жігітке тиеслі. Қырғыстан астанасы Улан-Батор қаласында аралас жекпе -жектен MFC 12 жарысы өтті. Сол жарыста жерлесіміз қырғызстандық жауынгер Батбаатар Баттормен жекпе- жек өткізді.
1 раунд басталар кезде, дәстүр бойынша қос қарсылас қолдарын алып жекпе - жекті бастауы тиіс еді. Бірақ, октагонның иесі қулыққа басты. Қолын созған жерлесімізді алдап ұрып нокдаундқа жіберді. Үстіне шығып төмпештеп жатқаны сол екен, біздің жігіт ес жиіп, аяғын ауырту әдісін жасай бастады . Қырғыз баланың шыбын жаны көзіне көрінді сол кезде. Қаны басына шапқан біздің жігіт ақырында аяғын сындырып тынды. Бұл- сыйламаған жан үшін нағыз орынды жаза.
Осындай құйтырқылығы үшін қырғыз спортшысы қатаң ескерту алды. Қашан ауруханадан төсегінен тұратыны белгісіз. Бірақ, бір білеріміз енді қол бергенде жақтан ұрмастай болды . Бйоын тез жинап алған жігітке жанкүйер жағы дән риза. Болашақта әлем чемпионы болсын деген тілектер көптеп айтылуда. Қосыламыз!