Саясат
Бүгін Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудан кейін үкіметтің отставкаға кетуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz.
- Заң бойынша билік отставкаға кету керек. Мен сайлаудан кейін Парламентте фракция басшыларымен жаңа премьер-министрлікке және билік құрамында болуға үміткер депутаттар туралы ақылдасамын,- деді Тоқаев.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Мәжіліс пен мәслихат депуттарын сайлау таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жүреді.