Bugin

Атырауда Сайлау есімді қыз бала дүниеге келді

Сәбидің жағдайы жақсы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сайлау күні Атырау облысында түске дейін 12  нәресте, оның ішінде 5 ұл, 7 қыз бала дүние есігін ашты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа босанған аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы.

Дәрігерлер сондай-ақ бүгін дүниеге сәби әкелген аналардың бірі, Атырау облысының тұрғыны қызының есімін еліміз үшін аса маңызды бүгінгі күнмен байланыстырып қойғанды жөн көргенін жеткізді.  

- Біз отбасымызда балаларға ерекше, мағыналы есім беруді дәстүрге айналдырғанбыз. Мысалы, үшінші қызымыздың атын Құралай деп қойдық, ол көктемгі «құралайдың салқыны» кезінде, киіктер төлдейтін уақытта дүниеге келген. Ал бүгін, дәл сайлау күні өмірге келген төртінші қызымыздың есімі Сайлау болатынына еш күмәніміз болмады, біз бұл есімді бәріміз үшін маңызды осы күнмен байланыстырып қойғанды дұрыс көрдік», - дейді нәрестенің анасы.  

Azattyq Rýhy

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61