Білім және ғылым

Қазақстандық оқушылар үшін 3-ші тоқсан қалай басталмақ?

Сайлау өткен Қазақстандық мектептерде 10, 11 қаңтар дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты мектептер сайлау учаскелері ретінде пайдаланылды. 

-Сайлау кезінде республикадағы сайлау учаскелері 7090 мектептің 5522 мектебінде орналастырылды; 6651-ден 143 мектепке дейінгі ұйым негізінде; 644-тен 215 орта білім беру ұйымдарында; 125-тен 53 жоғары оқу орындарында, 22 мектеп-интернат, спорт мектептері негізінде, 114, 12 ХБ-дан жоғары оқу орындарының жатақханалары базасында басқа да оқу орындарына орналастырылды (оқушылар сарайы, шығармашылық үйі, музыкалық мектептер), деді Байтанаев.

ҚР-ның санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы # 69 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын ұйымдастыруда және өткізуде коронавирустық инфекцияның COVID-19 таралуының алдын алу шаралары туралы» қаулысында білім беру мекемелері мен мектептерде дауыс беру аяқталған соң , 2021 жылдың 10 және 11 қаңтарында сайлау учаскелері ретінде қолданылған мекемелерде дезинфекциялау шаралары жүреді. 

Айта кетерлік жайт, 3-ші тоқсанда 9,11,12 сыныптар жарты жылдық үйде отырып білім алған форматтан, мектепке барып білім алуға қайтадан оралады. 

Еліміздің 11 аймағында-Түркістан, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс-Қазақстан, Алматы облысы Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында мектепте білім алу процессі 2021 жылдың 12 қаңтарында жүзеге асатын болады.