Bugin

Алаңға шыққандарды Ермахан Ыбрайымов таратпақ болды

Жиналғандардың кейбірі пікірін айтып та үлгермеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 10 қаңтарда, Қазақстандағы мәжіліс пен мәслихат сайлауының өткізілуіне наразылық танытпақ болған жұрт митингке шықты. Наразылыққа келген жұрт "Сайлауға бойкот", "Назарбаев билігі кетсін" деп ұрандатты.

Алаңға Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай мен "Oqan, Qazaqstan" қозғалысының жетекшісі Әсем Жәпішева басталған наразылар келді.

Жиналғандардың кейбірі пікірін айтып та үлгермеген. Арнайы жасақ оларды газельге отырғызып алып кеткен. Ұсталғандар арасында плакат көтергендер де болған. Ұсталғандардың нақты қай қозғалыс немесе ұйым атынан келгені белгісіз. Қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов та осы күні Қазақстан қалаларында белгілі бір орындарға жиналып, билікке наразылық білдіруге шақырған. ​

Алматы қаласында өткен наразылыққа Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, ақын Есенғали Раушанов пен Маралтай Райымбекұлы, Елордада өткен митингке марафоншы Марат Жыланбаев та келген.

Бірақ Азаттықтың тілшісі Манас Қайыртайұлының жазуынша, Ермахан Ыбрайымов жиналған жұртты таратуға тырысып әрекет жасаса, Есенғали Раушанов пен Маралтай Райымбекұлы билік тарабынан алаңға келіп төбе көрсетіп қайтқан. Ал "біз өзгеріс болғанын қалаймыз, биліктің қайнар көзі – халық" деген Марат Жыланбаевты тәртіп сақшылары автозакқа салып алып кеткен.

Кейін желаяқ марафоншы үйге қайтып келгенін, жағдайының жақсы екенін айтып Facebook-те жазба қалдырды.