Bugin

Мұхтар Тайжан: Менің сайлау учаскемде 5% азамат қана дауыс берген

Қазақстандағы сайлау сол баяғы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан сайлау учаскесіне барғанда небары 5% ғана азаматтың дауыс бергенін көрген. Мұны ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

- Қазақстандағы сайлау сол баяғы. Түк қызық та, жаңалық та жоқ. Мен сағат 16.00 шамасында сайлау учаскеме бардым. Менің аты-жөнімді іздеп тапқанша, учаскеге кеп дауыс бергендердің санын көзбен сүзіп шықтым. Небары 5-ақ пайыз адам дауыс берген. Бұл өте аз. Азаматтардың сайлауға деген сенімі жоқ, бәрі құрыған, - деп жазады Тайжан.

Бірақ Тайжанның айтуынша, сайлаудың өзі қызық болмаса да, одан кейінгі "Нұр Отанның" әрекеті қызық болуы мүмкін. Өйткені нұротандықтар депутаттар тізімінің 80 пайызын жаңартқан.

- Демек, Мәжілісте жаңа тұлғалардың түрін көретін боламыз. Президент жаңа үкімет құратынын айтты. Кадр мәселесін қалай шешетінін көреміз, - деп жазды ол.