Bugin

Exit poll: Мәжіліске үш партия өтті

Үш партияны таңдаған халық па, билік пе?..

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Exit poll жариялаған нәтижеге сәйкес, Парламент Мәжілісіне үш партия өтті. Олар – Nur Otan партиясы, Қазақстан Халық партиясы, “Ақ жол” Қазақстан Демократиялық партиясы.

Сайлау нәтижелері төмендегідей бөлінді:

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,03 пайыз дауыс;

Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс;

"Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс;

"Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс;

ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс.

Елде 11 миллионнан аса адамның дауыс беру құқығы бар. Соның 63 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Бұл Орталық сайлау комиссиясының алдын ала есебі.

Шетелде жүрген отандастарымыз да дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Оларға 51 мемлекетте 66 сайлау бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Биылғы саяси науқан пандемиямен тұспа-тұс келді. Дауыс беруде пандемияға байланысты санитарлық талап қатаң сақталды. Азаматтар учаскелерге медициналық қолғап киіп, медициналық бетперде тағып барды. Сайлаушылардың дене қызуы да тексерілді.