Bugin

Армандар картасы

Сіз армандардың орындалатынына сенесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Әрине, кез келгеніміз асқақ армандарымыздың жүзеге асатынына шын жүректен сенеміз. Армандарды жүзеге асыру үшін шынайы ниет, батыл әрекет пен толассыз еңбек қажет. Осы тұста сіздерге армандар картасы жөнінде біраз ақпарат ұсынбақпыз.

Армандар картасы – ойға алған арман мен мақсатты жүзеге асыруға көмегін беретін тиімді құрал. Сіз осы бір танымал тәсіл арқылы өміріңізді 180 градусқа өзгерте аласыз.


Армандар картасының тиімді тұстары қандай?
Армандарыңызды ақ параққа жазып не болмаса суретін салу артық етпейді. Алайда, белгілі суретті жапсырып, оның астыңғы бөлігіне арманыңыздың бір бөлшегін жазсаңыз, ол міндетті түрде жүзеге асады. Себебі, елестету (визуализация) армандарды орындаудың ең тиімді тәсілі болып табылады.


Армандар картасы: сиқыр ма, психология ма?
Көптеген адам армандар картасын сиқырмен алмастырып жатады. Шын мәнінде, бұл ешқандай да діни сипатқа, сиқырға байланысты емес.
Сіз армандар картасын жасау арқылы алдыңызға қандай да бір мақсат қойып, соларды жүзеге асыруға бар күшіңізді саласыз. Ал, бұл сіздің ойыңызға бағынады. Ойдан әрекет туындайды. Сондықтан да армандар картасын психологиямен байланыстырғанымыз жөн.


Армандар картасын күнделікті көзге көрінетін жерге ілу ыңғайлы болмақ. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, сіз оларды ұмытпайсыз. Екіншіден, арманыңызға қарай бір қадам болсын, жасап отырасыз.
Мейлінше армандар картасының бір ғана данасы болғаны дұрыс. Өйткені, бірнеше картаның болуы бір тоқтамға келуге кедергі келтіреді.

1. Армандар картасын құрастырған сәтте белгілі бір мерзім қоя білгеніңіз жөн. Себебі, ұзақ мерзімді жоспар арманыңызды құрдымға кетірері анық.
• Өз қалауыңызға қарай картаны құрыңыз.
• Бұл сіздің нақты арманыңыз болуы қажет.


2. Армандар картасын құрастыру кезінде нақтылық пен дәлдікке назар аударыңыз.
• Өткенді еске алмаңыз, болашағыңызды бағдарлаңыз.
• Суреттерді жапсырмас бұрын, ішкі қалауыңызға құлақ асыңыз. Суреттерге қарай отырып, арманыңызға қарай қадам баса аласыз ба? Осыны да ескергеніңіз дұрыс.
• Армандар картасы қандай да бір бұрыс әрекеттерге құрылмағаны жөн. Жағымсыз дүниелер мен негативті ойларды миыңыздан шығарып тастаңыз.
• Бос орындар қалдырмаңыз.


Армандар картасын қалай құрастыру керек?
1. Армандарыңызды қағазға түсіріп алыңыз.
2. Сол армандарға сәйкес суреттер табыңыз.
3. Армандар картасын құрастыру үшін белгілі бір уақыт арнаңыз.
4. Армандар картасын құрастырыңыз.
5. Картаны құрған соң, оны көзге көрінер жерге іліп қойыңыз.


Осы кеңестерді орындау арқылы арманыңызға қарай бір қадам жасайсыз. Ендеше, іске сәт!