Саясат

Елбасы: "Айқын жеңіспен құттықтаймын!"

Елбасы "Nur Otan" партиясының мүшелерін жеңісімен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық «Nur Otan» партиясының мүшелерін айқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Баршаңызды «Nur Otan» партиясының айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзит-полдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтар еліміздің әрі қарай дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсетті. Сайлаудың ел тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Осы уақытта орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бастысы ­– жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды, ­– деді Елбасы.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы сайлауалды үгіт-насихат науқаны мен сайлау пандемия және соның салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс жағдайында өткенін де айтты.

Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны артуда. Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың құлдырауы мен жұмыссыздық өседі деп болжап отыр. Бұл жағдайда біртұтас саяси күштің айналасына топтасқан қоғам ғана жеңіске жетеді, ­– деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Айта кетейік, сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.