Саясат

Қырғызстандағы сайлауда Садыр Жапаров көш бастап тұр

Қырғызстандағы президент сайлауында Садыр Жапаров біршама алда келе жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанда 10 қаңтарда президент сайлауы өтті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Сағат 22:00-ге дейін саналған дауыстың алдын ала нәтижесіне қарағанда, дауыс беруге құқылы 3 563 574 адамның тек 1 581 569-ы сайлау учаскесіне келген.

Президент сайлауының алдын ала нәтижелері бойынша, Садыр Жапаров 79,24 пайызбен алда келеді. Жапаровқа негізгі бақталас делінген Адахан Мадумаров 6,71 пайыз алған. Үшінші орында 2,35 пайыз даусы бар Бабыржан Төлбаев тұр. Қалған 12 үміткердің көбі 1 пайыздан аса алмаған.

Бұл - Қырғызстандағы сайлаудың соңғы қорытындысы емес. Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекованың электронды түрде берілген дауыстың (халықтың басым бөлігі осы форматты таңдаған – ред.) 96 пайызы саналған. Қағаз жүзінде жәшікке салынғандардың есебі әлі белгісіз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61