COVID-19
Ұлыбританиялық коронавирус штамы Ресейге дейін жетті
Ресейде алғаш рет "британдық коронавирус штамы" анықталды. Вирус Ұлыбританиядан Ресейге қайтып оралған азаматтан шыққан. Сол себептен қазір екі ел арасыда әуе қатынасы тоқтаған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Коронавирустың жаңа түрі алдыңғысына қарағанда 50-70 пайызға жылдам таралады екен. Бұл вирус түрі Ұлыбританияда өте тез жайылып барады, соның салдарынан елде кейінгі күндері тәулігіне 50 мыңнан астам науқас тіркеліп жатыр. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген жоғары көрсеткіш. Билік қайтадан шектік шараларын енгізуге мәжбүр болған.
Коронавирустың жаңа штамы қазір Қытай, Испания, Швеция, Франция, Дания, Нидерланд, Италия, Германия және Азия мен Таяу Шығыстағы бірқатар елдерде анықталған. Соған байланысты 20-дан астам ел Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатқан.