Bugin

2021 жылы сұранысқа ие мамандықтар

Банкир, курьер және жүргізуші сынды мамандықтар жойылуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылы Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды. Бұл туралы  Bugin.kz платформасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Министрлік 2021 жылғы мамандықтар тізімін жасауда экономика және бизнестің қалпына келуін ескерген.

Қазақстандағы ең танымал мамандықтар тізімі:

  •  шаштараз;
  •  күзетші, инкассатор;
  •  бухгалтер;
  •  мектепке дейінгі тәрбиеші;
  •  орта мектептің әлеуметтік пәндер мұғалімі;
  •  орта мектептің жаратылыстану пәнінің мұғалімі;
  •  орта медициналық қызметкерлер;
  •  жылжымайтын мүлік агенттері;
  •  дүкен сатушысы және олардың көмекшілері;
  •  ауылшаруашылық саласының жұмыскерлері;
  •  бастауыш сынып мұғалімдері;
  •  орта мектеп мұғалімдері;
  •  санитарлық техник;
  •  мал шаруашылығы қызметкерлері;
  •  аспаз;
  •  тракторист;
  •  құжат айналымы және басқа кеңсе жұмыстары бойынша жетекшілер;
  •  қара жұмысшылар;
  •  тазалық сақтаушылар;
  •  жүк көлігінің жүргізушілері;
  •  бағбан;
  •  көше мен базардағы саудагерлері;
  •  орта мектептің математика мұғалімі;
  •  жеке адамның өмірі мен денсаулығын қорғайтын күзетшілер;
  •  фермерлер;
  •  спорт жаттықтырушылары;
  •   терапия саласындағы дәрігерлер.

Осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен роботтандырудың дамуына байланысты бірқатар мамандықтардың жойылатынын айтқан еді. Мұның арасында банкир, курьер және жүргізуші сынды мамандықтар бар.