Қоғам
Әйел өзіне қол жұмсауы мүмкін
7 ай бұрын жоғалған 21 жастағы Арайлым Орынбаева Түркиядан өлі күйінде табылды. Оның 2020 жылдың 9 мамырында Анталияда хабар-ошарсыз жоғалғанын Haberler.com хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, полиция қызметкерлері әйелдің соңғы рет қай жерде болғанын телефон белгісі арқылы анықтаған. Ал Арайлым Орынбаеваның денесі ағашта асылып тұрғаны жерінен табылған. Бұл жайт Сарысу ауданындағы Анлтыняк көшесіндегі орман алқабын тінту барысында анықталды.
Денесі Анталия сот-медициналық институтына жеткізілді. Әйел өзіне қол жұмсады деген болжамдар бар. Басқа мәліметтер жария етілмеді.
Арайлымның анасы, 41 жастағы Салтанат Орынбаеваның айтуынша, қызы Түркияға екі баласымен көшіп келген. Ол үйден не төлқұжатын, не ақшасын алмай кеткен.
Сыртқы істер министірлігінің баспасөз қызметі қазақстандық әйелдің жоғалғаны туралы ақпаратты растады.
- Түркияда тұруға рұқсаты бар. Анталиядағы консулдығымыз біздің азаматты іздеп жатқан жергілікті полициямен байланыста. Мәселе бақылауда, - деп хабарлады СІМ.
Арайлымның Instagram-ы қайғыға ортақтасқан жандармен толықты. «Суицид жасау – үлкен күнә» деген пікірлерді де байқауға болады. Әйел өз парақшасында саяхаттау, шығармашылық және өзін-өзі дамытуға көңіл бөлгенін көрсеткен. Арманы – сценарий авторы болу еді.