Сараптама

Олимпиада бола ма: жапондықтар ойы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауалнамаға сәйкес, жапондықтардың 80%-ға жуығы Токио Олимпиадасын тоқтатуды немесе уақытын шегеруді қолдайды. Бұл туралы Bugin.kz авторлар платформасы хабарлайды.

Сауалнама Kyodo News жаңалықтар агенттігінің тапсырысы бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижесі бойынша 35,3%-ы Олимпиаданың болмауын қолдайды. 44,8% респонденттің ойы –кейінге қалдыру. 

Сауалнама көрсеткендей, 68,3 % Үкімет қабылдаған коронавирусқа қарсы шараларға наразы болды, ал 24,9% Үкімет пандемиямен дұрыс жұмыс жасады деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылы індет салдарынан әлемдегі ең ірі спорттық іс-шара кейінге қалдырылған.