Bugin

АҚШ-тағы бассыздық: Германия парламент күзетін күшейтті

Басқа да әкімшілік ғимараттарды бақылауға алынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Берлин билігі парламент ғимараты – Бундестагтағы күзетті күшейтті. Оған себеп – АҚШ-тағы Капитолий ғимаратына басып кірген басқыншылар оқиғасы. Бұл жайлы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Bild am Sonntag басылымына сілтеп хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Бундестагты жан-жақты күзету жайлы ұсынысты парламент төрағасы Вольфганг Шойбленің өзі жасаған. Әрі Германияның Сыртқы істер министрі қазір АҚШ-тағы бассыздық жайлы баяндама дайындауда.

Ал Берлиннің құқық қорғау органдары хабарлағандай, қаланың басқа да әкімшілік ғимаратындағы күзет түрлері күшейтілмек.

Айта кеткен жөн, 6 қаңтар күні Вашингтонда Трамптың жақтастары Капитолийге басып кіріп, 4 адам қайтыс болған еді. Тағы 52 адам тұтқындалды.