Әлем жаңалықтары
Ким Чен Ын алдағы 5 жылға жоспар құрмақшы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Кореяның Еңбек партиясының (ТПК) бас хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.
"Партияның сегізінші съезінде Ким Чен Ынды ТКК бас хатшысы лауазымына сайлауға қаулы етеді", - деп мәлімдеді ЦТАК мемлекеттік ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Солтүстік Корея басшысы партия төрағасы қызметін атқарған болатын. Ким Чен Ын жексенбі күні Пхеньянда партияның сегізінші съезінде аталған дәрежені иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Ким Чен Ын елдің экономикалық дамуының бес жылдық жоспары толық орындалмағанын мойындады. Оның айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін орындалуы тиіс жұмыстардың іс жүзінде бірде-біреуі де белгілі бір дәрежеге қол жеткізген жоқ.
DW хабарлағандай, партия съезінде келесі бес жылдық экономикалық жоспар қабылданады. Сондай-ақ, АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қатысты жаңа саяси желі бекітілуі тиіс.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61