Bugin
Тоқаев - Назарбаевтың қолындағы құрал
Қазақстанның шетелдегі оппозиционері Әкежан Қажыгелдин "Настоящее время" телеарнасына берген сұхбатында елде өткен сайлауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Саясаткердің айтуынша, Тоқаев саяси реформа жасаймын деп уәде беріп, іске келген кезде ештеңе істей алмады.
"Тоқаев халық үніне құлақ асатын үкімет құрамын деп уәде берді. Халықпен диалог орнатпақ боп шағын құрал құрғаны да бар. Бірақ мұны бірде-бірі орындалмады. Тоқаев Назарбаевтың қолындағы "құралға айналды". Тоқаев үкіметі елді экономикалық дағдарыстан шығара алмады. Пандемия елге ауыр нәубет боп тиді, қаза тапқандар көп. Ал президент үнсіз, еркіндік жоқ. Содан Тоқаевты сынағандар көбейді. Ал бұл Назарбаевқа тиімді. Ол атқарушы биліктен еш айырмасы жоқ", - дейді Қажыгелдин.
Сондықтан Қажегелдиннің ойынша, Қазақстанға парламент сайлауы емес, президент сайлауы керек.
"Қазақстанда парламенттік сайлау негізгі нәрсе емес, ол түк шешпейді. Маңыздысы – президенттік сайлау", - деп түсіндірді оппозиционер.
Әкежан Қажыгелдин 1994-1997 жылдары Қазақстан премьер-министрі болған. Кейін оппозицияға өтіп, шетелге қашады. Қазір Ұлыбританиядан саяси баспана алып, Еуропада тұрып жатыр.