Bugin
Төменде ұсынаылған 3 әдіс есте сақтау қабілетіңізді 100% жақсартады
Есте сақтау қабілетіңізді арттыратын ең тиімді 3 әдіс
1 әдіс:
Адам миы жарқын, бейнелі, қызықты ақпаратты тез қорытады. Бұл дегеніміз – есімізде сақтағымыз келетін ақпаратты миымыз үшін қызықты етуіміз қажет. Көмекке визуализация келеді. Өзіңіздің есте сақтағыңыз келетін немесе ұзақ уақыт бойы есіңізде сақтауға қиын болып жүрген ақпаратыңызды аласыз. Одан кейін сол затқа ұқсас затты немесе сөзді есіңізге түсіріп, оны жиі қайталайсыз. Ескеру керек бір нәрсе: ақпартты ойша қызықты әрі жеңілірек етуге тырысыңыз. Сонда сіздің жаттай алмай немесе есіңізде сақтай алмай жүрген ақпаратыңыз есіңізде сақталып қалады.
2 әдіс:
Ақпаратыңызды ұмытпастай есте сақтау үшін визуализациядан бөлек, мына схеманы қолданыңыз:
• Алғаш қайталау – бірден оқып болған соң;
• Екінші қайталау – алғашқы қайталаудан кейін 20-30 минут өткен соң;
• Үшінші қайталау – екінші қайталаудан 1 күн өткен соң;
• Төртінші қайталау – үшінші қайталаудан 2-3 апта өткен соң.
3 әдіс:
2-4-6-8-10 схемасы арқылы есте сақтау.
Бұндай есте сақтау схемасы ақпаратты жылдам әрі жақсы ұмытпастай жаттауға көмек береді. Нақтырақ айтатын болсақ, ақпаратыңызды ең алғашқы күнде екі сағат, сосын төрт сағаттан кейін, алты, сегіз сағаттан кейін және он сағаттан кейін қайталап, жаттау қажет.